Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды
Юрий Ильин Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасап, Malim.kz хабарлайды.
«Юрий Ильин Викторовичті Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын», - делінген президент бұйрығында.
Юрий Ильин бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары болып қызмет атқарып келген.
Ол 1968 жылы 4 сәуірде Куйбышев қаласында (Совет одағы құрамындағы Ресей) дүниеге келген.
Конев атындағы Алматы училищесін (1989), Қырғыз мемлекеттік заң академиясын (2006) бітірген.
Еңбек жолын Украинада бастаған. Қазақстанда 1996 жылдан бері қызмет істеп келеді. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінде (орынбасар), қалалық әкімдікте (орынбасар), Президент әкімшілігінде, т.б. түрлі қызметтер атқарған. 2016 жылдың сәуірінен бер ІІМ вице-министр болып қызмет еткен.
Генерал-мойор үйлеген, екі ұлы, бір қызы бар.