Трамп Путинге не айтты?

Осыдан бұрын әлемдік ақпарат құралдары Трамп Ресей мен Украина арасында буфер аймағын құруды ұсынуы мүмкін деген болатын.

Malim Админ

  • 11.11.2024

                      Фото: Ведемости25лет

Дональд Трамп президенттік лауазымға кіріспей жатып Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті. Бұл туралы The Washington Post газеті жазды.

Газеттің хабарлауынша, Трамп 7 қарашада Ресей президентіне қоңырау шалған. Олар Украинадағы жағдайды талқылаған. Ал Reuters агенттігі 6 қарашада, яғни Путинмен сөйлесуден бір күн Украина президенті Зеленскиймен Трамптың хабарласқан деген ақпарат таратты.

Трамп Путинге Американың Еуропадағы әскери ықпалын айтып, «жағдайды бақылаудан шығарып алудың қаупі зор боларын» ескерткен.Украина тарапы Трамптың Путинге хабарласатыны туралы алдын ала ақпарат бермегенін жеткізді. Ал Трапм әкімшілігінің коммуникациялар бойынша жетекшісі Стивен Чунг ірі лауазымды тұлғалардың қоңырауына алдын ала түсініктеме берілмейтінін ескертті.

Дональд Трамп сайлау науқаны кезінде егер жеңіске жетер болса, екі ел арасындағы соғысты дереу тоқтата алатынын мәлімдеген. Бірақ қандай шарт қоятынын ашып айтпаған.

Осыдан бұрын әлемдік ақпарат құралдары Трамп Ресей мен Украина арасында буфер аймағын құруды ұсынуы мүмкін деген болатын. Буфер аймағын қалай құрады, оған екі жақ келісе ме деген сұрақтарға жауап жоқ.

Трамп президент болса, Украинаға АҚШ беретін көмек азайып, Ресейдің жеңіске жету ықтималдығы артады деген болжам көп айтылды. Бірақ кейбір сарапшылар 2017-21 жылдары президент болған кезінде Трамп Ресейге оң қабақ танытпағанын, әлі де сол позицияда қалуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Байланысты жаналықтар

Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

22.11.2024

Песков: Бұл – таза фантастика

11.11.2024
MalimBlocks
Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

Бүгін біздің есалаң көршіміз өзінің шын мәнінде кім екенін, еркіндікті, жалпы адамдардың өмірін қалай жек көретінін және соншалықты қорқақ екенін көрсетті.

Песков: Бұл – таза фантастика

Песков Трамп пен Путиннің сөйлескенін жоққа шығарды.