Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

Сайлау өткен соң Вашингтон мен Мәскеудің арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Путин Американың ішкі ісіне нақты араласпаса да, оның тұрақсыздығын қалайтыны мәлім. Ол хаос пен үрейді ұнатады әрі соны «саудалағысы» келеді

Malim Админ

  • 07.11.2024

Қазір әлемдік ақпарат құралдары Дональд Трамп қайталай Ақүйге келгенін жарыса жазып, оның әлемдік саясатқа қалай әсер ететінін талқылап жатыр. Әсіресе, Ресей мен Украина соғысының енді бағыты қалай өрбиді,  Трамп өзі айтқандай «бір күннің ішінде тоқтата ала ма?», Қытаймен сауда соғысы қайта жалғаса ма деген сұрақтар төңірігенде толғануда.

Сайлауға дайындық кезінде Дональд Трамп үнемі Джо Байден басқарған Ақүй саясатын қатаң сынап келді. Ол: «Егер мен Президент болсам, Путин Украинаға соғыс ашпас еді және соғысты болдырмауға менің қауқарым жетер еді» деп бірнеше мәрте қайталаған. «Олар мені құрметтейді, ал Байденді құрметтемейді» деп салған. Олар деп Путин мен Зеленскийді меңзеп отыр.

«Соғысты бір күнде тоқтатамын» деген Трамптың риторикасына көп ешкім сенбегенімен,  Украинаға экономикалық және қару-жарақпен айрықша көмектесуін құптамайтын америкалықтардың қатары аз емес. Бір қызығы, Трамп ешқашан бейбітшілік үшін Украинаға қандай талаптар қоятынын ашып айтқан емес, Украина Ресей басып алған жерінің бюіраз бөлігінен бас тарта ма, НАТО-ға мүше болу идеясын кейінге қалдыра ма, ол жайында да ашық көзқарасын білдірген жоқ.

 «Егер мен жеңсем, бізде өте әділ және шын мәнінде өте жылдам мәміле болатынына сенімдімін. Президент Зеленский соғыстың тоқтағанын қалайды, президент Путин де бұл соғысты тоқтатуға кетары емес деген сенімдемін. Бұл жақсы комбинация. Сондықтан біз әр тарап үшін де әділ келісім жасауға талпынамыз», – деген болатын Трамп Зеленскиймен кездесуінде.

Халықаралық бақылаушы Иван Преображенский «Америка дауысына» берген комментарийінде: «Сайлау өткен соң Вашингтон мен Мәскеудің арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Путин Американың ішкі ісіне нақты араласпаса да, оның тұрақсыздығын қалайтыны мәлім. Ол хаос пен үрейді ұнатады әрі соны «саудалағысы» келеді», – деген пікір айтқан.

Оның сөзінше, Трамп алдағы уақытта Путин әкімшілігімен Байден секілді қатаң түрде күресуі неғайбыл. Бірақ ол кез келген уақытта ойламаған жүріс жасауы мүмкін.

Саясаттанушы Дмитрий Орешкин АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы міндетті түрде өзгереді деген пікірде. Оның айтуынша, әлемдегі жағдай күн сайын өзгеріп жатқандықтан, Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас тұрақты болуы мүмкін емес.

«Сондықтан Вашингтонның Украинадағы қақтығысқа деген көзқарасы да өзгеретіні анық (бірақ қай бағытта екенін айту қиын), Солтүстік Кореялық әскерилердің соғысқа кіруі де жағдайды қиындатады».

Ақүй әкімшілігінің Путинмен келісімге келу мүмкіндігі аз. Өйткені, Путин тұтас Америкалық құндылықтарға, еркіндікке, сөз бостадығына, демократия мен таңдау құқығына қарсы. Ол өзі құрған жүйеге жыл өткен сайын тәуелді болып барады. Сарапшылар тоталитарлық жүйе басшысымен «бір дастарханда отыру» – өз құндылығыңа қарсы шығу деп есептейді. Мұндай тәуекелге Трапмп та бармайды.

Кейбір сарапшылар Путин Қытаймен экономикалық байланысты қайта қарап, олардың тауарына салынатын бажы мөлшерін арттыруы мүмкін дейді. Өйткені, Қытай экономикасы жыл сайын өсіп келеді. Америкадан кейінгі екінші экономика иелерін «тізгін тартуғай көндірмесе, таяу жылдары шамалары жетпеулері мүмкін.

Дональд Трамп 2016 жылы Америка Президенті болып сайланған соң Қытайды экономикалық қыспаққа алған болатын.

Байланысты жаналықтар

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

10.05.2025

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

27.04.2025

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

25.04.2025

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

13.04.2025

Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

07.04.2025

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

06.04.2025
MalimBlocks
Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

Франция президенті Путиннің жалған сөйлеп отырғанын айтты

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

АҚШ-тың демократ-конгрессмені Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауды ұсынды