"Түк көрмегендердің жағдайын көрсін": Аналар Ибраимовты әкімдікке іздеп барды

Malim Админ

  • 22.02.2021

Алматы әкімдігіне қалалық мәслихат депутаты Ермахан Ирбаимовты бір топ көп балалы ана іздеп барды. 

Көп балалы аналардың әкімдікке баруына Ермахан Ибраимовтың журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында тірідей жанып кеткен бес балаға қатысты айтқан пікірі себеп болған. Сұхбатта Ибраимов 2019 жылдың ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында болған қайғылы оқиғаға (бір отбасының бес бірдей қызы тірідей өртеніп кеткен) қатысты пікір білдірген.

Онда ол: «Бес баланы сыртынын жауып кетіп қалу, ол нағыз... Айтады ғой, түк көрмегендік», - деген.

Әкімдікке барған аналардың бірі Іңкәр Жанәділқызы: «Жылы кабинетте отыра бермей, «түк көрмегендердің» жағдайын көзімен көрсін. Бұндай жағдайдан шығу үшін не істеу керек екенін өз ауызымен айтсын», - деп, Ибраимовты халықпен кездесуге шақырды. Бастапқыда әкімдіктен ешкім шыққан жоқ. Сәлден кейін Алматы мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров шығып, аналардың арыз-шағымын тыңдады. "Ибраимовпен түстен кейін кездесуге болатынын" айтты.

Оқи отырыңыздар: Ермахан Ыбрайымов: Мен титушка емеспін

19 ақпанда Жамбыл облысының Жаңатас қаласында бір отбасының бес бірдей баласы өрт салдарынан қайтыс болған. Әкімдік мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткен.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды