Тұрғымбаев митингке шыққандарды "қойша көгендеуді" жалғастырады

Алмас НҮСІП

  • 04.03.2020

Соңғы кезде жұрт жиі көріп жүрген жағдай – митингіге шыққан азаматтарды «қой сияқты» көтеріп апарып, көлікке тиейтін көрініс бұдан ары да жалғаса береді. Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ полицияның бұл әрекетін «митинг кезіндегі тәртіп бұзу әрекеттерімен күрес» деп атады.

Polisia.kz сайтының жазуынша, ІІМ елде санкцияланбаған митинг өткізудің жиі тіркелетінін мәлімдеген. Көлік қозғалысына кедергі келтіреді, бейберекетсіздік орнатуға тырысады. Тіпті, олар полицияның өзіне күш көрсетеді екен. Тұрғымбаевтың сөзіне салсақ, бұл «азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығына қауіп төндіреді».

Дегенмен, қоғам полицияның азаматтарды жас-кәрі демей көлікке күштеп (көтеріп апарып) отырғызуына, дөрекілік көрсетуіне қарсы екенін жақсы білетін министр өңірлік полиция департаменттері және құрылымдық бөлімше басшыларына бұл істерін ары қарай жалғастыра беруді тапсырды. Ол мұны «халықтың бейбіт өмірі мен тыныштығын қамтамасыз ету» деп атады.

«Митингіге жұмысқа барғандай баратын азаматтарға алаңдаймыз. Олар арандатушылардың ықпалында жүр, бейбітшілік пен тұрақтылық – біздің басты құндылығымыз екенін, оны мейлінше бағалау керек екенін ұқпайды. Сондықтан, полиция алдағы уақытта да ел қауіпсіздігі үшін қызмет етпек. Қазақстан халқының тыныш әрі бейбіт тіршілігін қорғау - біздің негізгі міндетіміз», - дейді ол.

2019 жылдың басынан бастап күрт өскен елдегі наразылық шерулерінің барлығы дерлік қоғам белсенділері мен шеруге қатысқан азаматтарды жаппай қамаумен аяқталып келеді. Қоғам биліктің бұл әрекетін қорқақтық, дөрекілік, демократияны тұншықтыру деп бағалайды. Және «әкесіндей, анасындай адамды мал сияқты көтеріп апарып көлікке тиейтін» полиция қызметкерлерін «сатқындар» деп те атап жүр. Бұған дейін азаматтық қоғам өкілдері осы Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін бірнеше рет талап етті.

Коллаж: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты