457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тұрғымбаев жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Ерлан Тұрғымбаев Ішкі Істер министрі қызметінен босатылып, жаңа лауазымды қызметке тағайындалды. Енді Тұрғымбаев - Президенттің кеңесшісі.

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев ІІМ қызметіне 2019 жылы ақпан айында тағайындалды. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды.

Президент жарлығымен Тұрғымбаевтың орнына бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы қызметінен босатылған Марат Ахметжанов бекітілді.