Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерде оңайлатылған кеден дәлізі болады

Келісімге 2022 жылы 11 қарашада Самарқанда қол қойылды.

Malim Админ

  • 22.05.2024

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Келісімге 2022 жылы 11 қарашада Самарқанда қол қойылды.

Негізгі мақсат - оңайлатылған кеден дәлізін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру. Құжат аясында «оңайлатылған кеден дәлізі» және «сауда операторлары» секілді ұғымдар енгізіледі.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мәліметінше, оңайлатылған кеден дәлізі (ОКД) – аталған мемлекеттер арасындағы саудада тасымалданатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат алмасуға бағытталған, ерікті негізде пайдалану үшін ашық және көліктің барлық түрінде пайдалануға болатын электрондық жүйе. Сауда операторлары – оңайлатылған кеден дәлізіне қатысатын, тауарлар мен көлік құралдары туралы анық ақпарат беретін және Келісімнің ережелеріне сәйкес кедендік рәсімдерді аяқтайтын өкілдер.

Атап айтқанда, тараптар өздерінің кеден органдарына Келісімді жүзеге асыруға уәкілеттік береді. Ақпарат алмасу оңайлатылған кеден дәлізін пайдаланатын сауда операторлары жүзеге асыратын жүктер бойынша және ерікті негізде жүргізіледі.

Сауда операторларына ОКД аясында:

- өткізу пункттерінде кедендік ресімдеудің басым тәртібі;

- тараптар мемлекеттерінің кеден заңнамасын бұзу тәуекелі анықталған жағдайларды қоспағанда, өткізу пункттерінде кедендік жете тексеруді қолданбау секілді жеңілдіктер беріледі.

Мемлекеттердің кеден органдары Келісім күшіне енгеннен кейін ұзақтығы 6 ай болатын пилоттық жобаны ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Ерлан Қарин: Заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі

29.01.2025

Әскери дайындыққа 3 мың қазақстандық шақырылады

27.01.2025

Бопсалаушы «блогерлерге» қатысты 20-дан астам дерек анықталды – ІІМ

24.01.2025

Астанада былтыр 6700-ден астам жарнама алынып тасталған

20.01.2025

Жемқорлық не ауыр қылмыс жасағандар сайлауға кандидат ретінде ұсынылмайды

15.01.2025

Параны уәде ету, ұсыныс жасау және сыйақыны қорқытып алу енді қылмыс ретінде қаралмақ

15.01.2025
MalimBlocks
Ерлан Қарин: Заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі

Әскери дайындыққа 3 мың қазақстандық шақырылады

Бопсалаушы «блогерлерге» қатысты 20-дан астам дерек анықталды – ІІМ

Олар өздерін заң мен тәртіпті қамтамасыз ететіндер етіп көрсеткен

Астанада былтыр 6700-ден астам жарнама алынып тасталған

Бұл «Жарнама туралы», «Тіл туралы» заңдарға сәйкестендіру үшін жасалған

Жемқорлық не ауыр қылмыс жасағандар сайлауға кандидат ретінде ұсынылмайды

Заң жобасы жұртшылық талқысына ұсынылды

Параны уәде ету, ұсыныс жасау және сыйақыны қорқытып алу енді қылмыс ретінде қаралмақ

Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады