Украина президентіне Түркияға шабуылдауды ұсынған қазақстандық депутат кешірім сұрады

Ол Қырымнан гөрі, Түркия тартымдырақ деп жазған

Malim Админ

  • 30.04.2023

Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына, Түркияға шабуыл жасауды ұсынған қазақстандық депутат Анна Башинская халықтан кешірім сұрады.   

«Аманат» партиясынан сайланған  Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының депутаты Анна Башинская  Facebook -тегі Deutsche Welle парақшасындағы жазбаның астына пікір қалдырған. Онда ол «Түркия тартымдырақ, Зеленский мырза! Ол жерде жыл бойы жылы» деп жазды.

«Мен Украина президентінің Facebook-тегі "Deutsche Welle"мәлімдемесіне пікір жаздым. Түркия туралы жазған кезде мен қатты қателестім.  Бауырлас түрік халқынан кешірім сұраймын! Украина мен Ресей халқына бейбітшілік тілеймін. Кешіріңіздер, бұл менің қателігім. Менің бұл жағдайға комментарий беруге құқығым жоқ, біздің өз еліміз бар және депутат ретінде бірінші кезекте ойлануым керек еді. Мен азаматтарымыздан және партияларымыздан кешірім сұраймын»,-деп жазды ол.

Мақалада Зеленскийдің аннексияланған Қырымды Украинаның бақылауына қайтаруын көздейтін қарсы шабуыл жоспарлағаны жазылған. Президент Yle арнасына берген сұхбатында Украинаның табысы негізінен Батыстың Киевке қару-жарақ жеткізуді жалғастыра беруіне байланысты екенін атап өтті. Ол сондай-ақ жетістіктерге деген үмітке қарамастан, соғыс ондаған жылдарға созылуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Желі қолданушылары Башинскаяның Қазақстан азаматы бола тұра, басқа елдің президентіне ұсыныс жасағанын сынап жатыр. 

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек