Халық денсаулығы Nur Otan" назарында
Бүгін Шуменбаев Самат Канапьянович, жоғары санатты дәрігер және "Nur Otan" партиясы қалалық штабының сенімді өкілі ZOOM платформасында Денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау бойынша медицина қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді.
⠀Бұл жүздесуде мынандай өзекті мәселелер қаралды:
- денсаулық сақтауды қаржыландыру туралы
- санитарлық нормаларды сақтау туралы
- коронавируспен ауыр науқастарды оңалту
⠀"Партия жұмысының басым бағыттарында:
- шет елдердің жетекші медициналық клиникаларында оқыту
Кәсіби құзыреттілікті арттыру және әлемдік тәжірибені енгізу үшін 75 дәрігер;
➢ ерте сатыдағы ауруларды анықтау үшін халықты скринингтік зерттеулермен қамтуды ұлғайту;
➢ бизнес-процестер мен пациенттердің деректерін цифрландыру есебінен денсаулық сақтау ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою"- деді кандидат.
⠀Шаралар қабылдау нәтижесінде халықтың өмір сүру ұзақтығы 2025 жылға қарай 70 жастан 74,2 жасқа дейін ұлғаяды.
⠀Сондай-ақ, кандидат партияның үгіт-насихат бағдарламасының негізгі тармақтарын тағы да атап өтіп, әрқайсысын өзінің азаматтық парызын орындауға және 10 қаңтардағы сайлауда дауыс беруге шақырды.
Онлайн жүздесуге қатысушылар былтыр елімізде қабылданған денсаулық сақтау кодексі мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің іске асуы жайын да талқылады. Соңғы кездері денсаулық саласында жүріп жатқан реформалардың бағыт-бағдары да сөз болды. Коронавирус пандемиясындағы дәрігерлер, денсаулық саласындағы қызметкерлердің ерліктері, ерік-жігері, батырлығына алғыс айтқандар болды. Жүздесу соңғында алдағы сайлауда билік партиясына сәттілік тілеген сайлаушылар ақхалатты абзал жандарды әрқашан да қолдайтындарын білдірді.
Қостанай облысы Қостанай қаласының сайлау қорының қаражатынан "Nur Otan"партиясы төленді.