Ысқақов өзін қылмыскермін деп есептемейді

Абай Нұржанұлы

  • 11.12.2020

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек ЫСҚАҚОВ өзіне тағылған айыппен келіспейді. Бұл жайлы оның адвокаты Жалғас АСҚАРОВ айтты, деп хабарлайды Malim.kz cайтының тілшісі.

Сотта экс-әкім судья Абдуллажан САЙДУЛЛАЕВТЫҢ үкімімен келіспеген. Бір қызығы судья айыпталушыға соңғы сөз бермеген. Және Қуанышбек Ысқақов кезінде істі болған Ерлан АРЫН, Серік АХМЕТОВ, Қуандық БИШІМБАЕВ сынды президенттен кешіріп сұрамады. Шенеуніктің адвокаты да сот шешімімен мүлдем келіспейді. Аппеляциялық шағым түсірмекші.

«Біз судьядан Қуаншыбек Ысқақовты ақтауды сұрағанбыз. Оның қылмысы дәлелденбеген. Көптеген қылмыстық процессуалды заңнамалардың талаптары бұзылғаны бар. Бұл түпкілікті шешім емес. Дәлел жоқ.Біз өз позициямызда қаламыз. Ары қарай шағымданамыз», - деді Қуанышбек Ысқақовтың қорғаушысы Жалғас Асқаров.

Қуанышбек Ысқақов облыс әкімі қызметіне тағайындалғанына небәрі тоғыз ай толғанда осы жылдың көктемінде үй қамағына алынды. 80 млн теңгені алаяқтықпен өз пайдасына жаратпақ болды деген күдікке ілінген болатын. Ал ол миллиондар Арыс қаласында болған жарылыстан жапа шеккен қарапайым халыққа қайырымдылық есебінде жиналған еді.

Кеше сот Қуанышбек Ысқақовты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ, алаяқтық ісі бойынша Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы орынбасарлары Мұрат ИМАНДОСОВ пен Марат ДЕЛМҰХАНОВ та кінәлі деп табылып, алты жылға сотталған. Әкім Ықақовтың туысқаны Азат ДОСМАЙЫЛОВ пен Жеңісбек ЫСҚАҚОВ бес жылға кесілді. Жалпы, бұл іс бойынша сотқа он адам тартылған болатын.

Фото автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Ресей «Орешникті» тағы қолдануы мүмкін

12.12.2024

«ӘЧ-2034»-ті Сауд Арабиясы өткізеді. ФИФА-ны не түртті?

12.12.2024

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

11.12.2024

Сирия үкіметінің жаңа басшысы: «Ел соғыстан шаршады»

11.12.2024

Сирия жаңа үкімет құрып, басшысын таныстырды

10.12.2024

Трамп пен Путин Астанада кездесе ме? – АҚШ елшісі жауап берді

10.12.2024
MalimBlocks
Ресей «Орешникті» тағы қолдануы мүмкін

«Біз «Орешник» кешені майдандағы жағдайды өзгертетін фактор деп санамаймыз. Бұл, ең алдымен, Ресейдің Украинаны қорқытуға бағытталған тағы бір әрекеті, бірақ бұл әрекет сәтсіз болары сөзсіз»,

«ӘЧ-2034»-ті Сауд Арабиясы өткізеді. ФИФА-ны не түртті?

Әлем чемпионатын Сауд Арабиясында өткізу туралы ресми шешім 2024 жылдың желтоқсанында ФИФА конгресінің отырысында қабылданды

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Сирия үкіметінің жаңа басшысы: «Ел соғыстан шаршады»

«Қорқыныш Асад режимінің кесіренен болды. Ел дамуға және қалпына келтіруге мұқтаж. Барлығы тұрақтылықты аңсайды», – деп қосты әл-Джулани.

Сирия жаңа үкімет құрып, басшысын таныстырды

Трамп пен Путин Астанада кездесе ме? – АҚШ елшісі жауап берді

Астанада жазушы Рейчел Луиза Снайдердің халықаралық марапаттарға ие болған «No Visible Bruises» кітабының қазақ тіліндегі «Сырты бүтін» басылымының тұсаукесері өтті