«Жағдай толық анықталды». ҰҚК Челахтың  шағымы туралы айтты 

Қылмыстық іс жүрді

Malim Админ

  • 16.02.2023

2023 жылдың 11 қаңтары күні «Арқанкерген» оқиғасына байланысты өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған. Ол хатында президенттен қылмыстық істің ақ-қарасын ажыратуды сұраған болатын. Бүгін Челахтың апелляциялық шағымына байланысты  Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов жауап берді. 

Сенат кулуарында журналистер Шекара қызметінің директорынан 2012 жылы «Арқанкерген» бекетінде болған оқиғаға қатысты бар шындықты айтамын деген Челахтың мәлімдемесіне қатысты пікір беруін сұрады.

«Бұл жерде пікір беру артық деп ойлаймын. Оқиға болған жылы қылмыстық іс қозғалды. Сол кезде жағдай толық анықталды деп ойлаймын. Оның не айтқысы келетінін білмеймін. Қылмыстық іс жүрді, тергеу толық көлемде өтті, бұл нәтижелер қисынды соңына дейін жеткізілді. Егер мәлімдемелер болса, соған қарайық, әңгіме не туралы екен, өйткені қазір оның не айтарын білмеймін», - деді Ерлан Алдажұманов.

ҰҚК өкілінің айтуынша, Шекара қызметінің қызметтік ұстанымы тергеу ұстанымы мен соттың қорытындысына сәйкес келеді.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар БАҚ Владислав Челах «Арқанкерген» бекетіндегі 15 адамның өліміне қатысты жағдайды түсіндіруге дайын екенін мәлімдегенін хабарлаған болатын. Челах 2012 жылдың мамырында «Арқанкерген»  шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталған.       

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр