Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылыс болды

Елнұр Бақытқызы

  • 26.08.2021

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылыс болды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы болды. Өртті сөндіруге бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы мен өрт сөндіру командасы жұмылдырылған. Оларға Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелерікөмек көрсетуде. Өрт ошағын жою жалғасып жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталу үстінде», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.
Оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары генерал лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.

Жаңарту. Қорғаныс министрлігі әскери қойма жарылған жердегі тұрғындардың эвакуациясы жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Люксембург премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

30.04.2025

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

30.04.2025

Тоқаев Тілеухан Қабдрахмановті марапаттады

30.04.2025

Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

29.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

27.04.2025
MalimBlocks