Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Пранк” жасайтындар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін 

Құқық
“Пранк” жасайтындар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін 

Қазақстанда құқық қорғау органдарының формасын киіп, жалған құжаттар мен арнайы құралдарды қолдана отырып жасалған пранк әрекеттері қылмыстық қудалауға негіз бола алады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, мұндай жағдайлар оқиғаның мән-жайына қарай бұзақылық, билік өкілі не мемлекеттік лауазымды тұлға ретінде өзінше тану немесе басқа да әкімшілік не қылмыстық құқықбұзушылықтар ретінде саралануы мүмкін.

«Әрбір осындай оқиға бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», – деді Саденов Мәжіліс депутаты Максат Толықбайдың депутаттық сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, министр қазіргі уақытта ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жалған ақпараттың таралуына жедел әрекет ету — уәкілетті мемлекеттік органдардың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу