Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдайды

Саясат
Президент барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдайды

«Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінгі саммитінде барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдау және БҰҰ Жарғысын сақтау туралы Президенттің бүгінгі мәлімдемесіне қатысты БАҚ-тан сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы бұл мәлімдемені Солтүстік Кипр Түрік Республикасына Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесін беру туралы өтінішіне орай жасағанын атап өткім келеді» деп жазды әлеуметтік желіге президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Қазақстан БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын дәйекті түрде ұстанады. Президент бұл жөнінде бірнеше рет айтқан дейді ол.

Расымен де, Ресейдегі сапарында Қасым-Жомарт Тоқаев дәл солай айтып, орыстың  пропогандашыл медиа-тұлғаларына жақпай қалған еді. Сондағы ойлары Украинаға көрсетіп жатқан «арнайы операцияларын» жақтамау, болыспауы еді.  

Содан бері, президенттің барлық мемлекеттің территориялық тұтастығына қатысты айтылған сөзін әлдекімдер сан-саққа жорып жатқандай.

фото  akorda.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу