Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президентке әділетті қоғам қалыптастыру шаралары туралы мәлімет берілді

Саясат
Президентке әділетті қоғам қалыптастыру шаралары туралы мәлімет берілді

Мемлекет басшысы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президентке әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ, мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында белгіленген министрліктің мақсаттары мен міндеттері жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа нормативтік актілер әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы құқықтық жүйені нығайту үдерісінде азаматтардың құқы мен мүддесіне ден қоюдың маңызын атап өтті.

Кездесу соңында Президент бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, Ерлан Сәрсембаев 9 қаңтарда мемлекет басшысының Жарлығымен Әділет министрі лауазымына тағайындалған еді. 

 

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу