Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президенттен сұхбат алған журналист директор қызметіне тағайындалды

Мәдениет
Президенттен сұхбат алған журналист директор қызметіне тағайындалды

 

Жақында ғана президенттен сұхбат алған Жайна Сламбек «Хабар» арнасының директоры болып тағайындалды.

— Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы “Хабар” арнасының директоры лауазымына тағайындалды.

Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды. Әріптесімді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, сәттілік тілеймін! “Хабардың” дамуына қосар үлесіңіз зор болады деп сенемін!, — деп жазды «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли өзінің Facebook апрақшасына.

Наурыздың басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жайна Сламбекке («Қазақстан» ұлттық арнасына) сұхбат берген. Бұл мемлекет басшысының отандық телеарнаға қазақ тілінде берген алғашқы сұхбаты болды. Бірақ журналистер мен азаматтық қоғам өкілдері Тоқаевтың сұхбатты суфлердан оқып бергенін айтып, сынға алған еді.

Жайна Сламбек биыл "Құрмет" орденімен марапатталып, 2020 жылы "Тұмар" телевизиялық байқауында "Үздік тележүргізуші" аталымында жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, бұған дейін "Хабар" арнасының директоры қызметін атқарушы болып Айгүл Әділова бекітілгені туралы хабарланған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу