Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президенттің орысша сөйлеуіне тиым салды

Мәдениет
Президенттің орысша сөйлеуіне тиым салды

Украинаның Жоғарғы соты президент Зеленский ресми жиындарда тек украин тілінде сөйлеуі тиіс деген шешім шығарған.

Сот мұндай шешімді бір ер адамның шағымынан кейін шығарды. Былтыр интернет мамандарына арналған iForum-2019 форуымында орысша сөйлегені үшін шағымданған ер адамның арызы қаралған. Ол кезде Зеленскийдің президент болғанына небәрі үш күн болған еді. Арыз жазушы президенттің украин тілінде сөйлеп, басқа тілде ресми жиындарда қолданбауын өтінген.

Кассациялық сот арызды толық қарамаған кезде, арыз жазушы апеллецияға берген. «Арыз жазған адамның апелляциялық шағымын қарап, Жоғарғы Соттың үлкен палатасы Украина президенті қызметтік міндетін атқарып жүргенде мемлекеттік тілде сөйлеуі міндетті» делінген сот шешімінде.

Егер Зеленский сот шешімін орындамаса, заңдық емес, саяси жауапкершіліктен жалтарған болады.

2019 жылдың мамыр айынан бері сол кездегі Украина президенті Петр Порошенконың жарлығымен украин тілін жалғыз мемлекеттік тіл болып қабылданған. Бұл құжат бойынша Украина азаматтарының бәрі мемлекеттік тілді білуі керек. Билік бұған, бар мүмкіндікті жасап отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу