Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Психикалық орталықта қыздарды зорлағандар 15 жылға сотталды

Құқық
Психикалық орталықта қыздарды зорлағандар 15 жылға сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарады.


Жабық режимде өткен сот отырысында екі санитар-бақылаушының кәмелетке толмаған науқасты зорлау дерегі бойынша кінәлі екендігі анықталды.

Сот материалдарына сүйенсек, 2024 жылы екі қызметкер әйелдерге арналған № 3 бөлімшеде ем қабылдап жатқан, ақыл-есі кем кәмелетке толмаған жасөспірімді және екінші науқасты бірнеше рет еркінен тыс зорлаған. Бұл сорақы әрекеттер бөлімшенің теледидар көретін бөлмесінде және аулаға шығатын баспалдақ алаңшасында болған.

Сот үкімі бойынша екі сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1) тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, әрқайсысы 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, олар педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Жәбірленушілердің моральдық зиянын өтеу мақсатында әрқайсысының пайдасына 10 миллион теңгеден өндірілді. 

Сот отырысында айыпталушылардың қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде олардың асырауында кәмелетке толмаған балаларының бар екені ескерілді. Алайда, қылмысты ауырлататын ешбір жағдай анықталған жоқ. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, - делінген Шымкент қаласы сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Фото: Azattyq 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу