Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин туысы Цивилеваны Қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындады

Әлем
Путин туысы Цивилеваны Қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындады

Ресей президенті Владимир Путин Қорғаныс министрінің төрт орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Путин жаңа орынбасарлар тағайындау бойынша дереу бұйрық шығарып, Николай Панков, Руслан Цаликов, Татьяна Шевцова және генерал Павел Поповты қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты.

Оның жарлығымен тағайындалған министр орынбасарларының қатарында Кемерово облысының бұрынғы губернаторы, жақында Энергетика министрі болған Сергей Цивилевтің әйелі Анна Цивилева да бар.

Цивилева Путиннің немере қарындасы. Цивилевтер отбасы – "Колмар" ірі көмір өндіру компаниясының иелері.

2023 жылы Цивилева Украинадағы соғысқа қатысушылардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсететін "Отан қорғаушылар" қорының басшысы болып тағайындалған.

Цивилевадан басқа, министрдің орынбасары болып Ресей Үкіметінің бұрынғы басшысы Михаил Фрадковтың ұлы Павел Фрадков тағайындалды. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып бұрынғы Қаржы министрінің орынбасары Леонид Горнин тағайындалды.

Фото: rg.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу