freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қала басшысы өзі соғылып қалғаннан кейін велосипед тебуге тыйым салды

Қоғам
Қала басшысы өзі соғылып қалғаннан кейін велосипед тебуге тыйым салды
BBC

Италияның Комо қаласында тарихи орталықтағы шамамен 30 көшеде велосипедпен жүруге тыйым салынды. Жаңа ереже қыркүйек айынан бастап күшіне енеді.

Велосипедшілер бұл аумақта көлігін тек қолмен жетектеп жүре алады. Тыйым электрлі велосипедтерге де, кәдімгі велосипедтерге де қатысты.
Қаланың мэрі Алессандро Рапинезе бұл шешімді жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігімен түсіндірді. Оның айтуынша, Комо - тарихи орталығы туристер көп келетін аймақ. Сондықтан велосипед қозғалысын шектеу қажет.

Шешімнің бір ерекшелігі – мэрдің өзі бірнеше апта бұрын Комо муниципалитеті ғимаратының маңында электрлі велосипедке соғылып қалған. Рапинезе кейін бұл жағдайдың жаңа ережені енгізу туралы шешіміне әсер еткенін жасырмаған. «Адамдар өз тәжірибесіне сүйеніп әрекет етеді. Мен мұндай велосипедтің соғуы қандай екенін өзім білемін», – деген ол ANSA агенттігіне.
Мэрдің шешімі қалада пікірталас туғызды. Қарсыластары бұл шараны оның жеке тәжірибесіне байланысты қабылданған шамадан тыс шешім деп санайды. Велосипед белсенділері мен тұрғындар тыйымды алып тастауды талап етіп, наразылық акцияларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу