Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысында оқушының басына үйдің шатыры құлады

Оқиға
Қарағанды облысында оқушының басына үйдің шатыры құлады

Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры 11 жастағы қыздың үстіне құлап, ол жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі "Патриот" басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға қыз бала үйіне қайтып келе жатқан кезде болған. 2014 жылы туған мектеп оқушысы шатырдың құлауынан жарақат алып, аудандық орталық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Қазір дәрігерлер тиісті тексерулер жүргізіп, қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. 

Алайда Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) бұл оқиғаға қатысты басқа мәлімет ұсынды. Олардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

"Бес қабатты тұрғын үйдің 70 шаршы метрлік шатыры ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өңірде 24 м/с жылдамдықтағы дауылды жел соғып тұр. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан ондаған ағаш құлап, бірнеше тұрғын және әкімшілік ғимараттардың шатырын жел ұшырып кеткен.

Фото: Pixabay.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу