freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыда көліктен пышақталған әйелдің мәйіті табылды

Оқиға
Қарағандыда көліктен пышақталған әйелдің мәйіті табылды
Фото: depositphotos.com

Қарағандыда автокөліктен пышақталған 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әйелдің денесі Төлепов көшесінде тұрған көліктен анықталған. Марқұмның таныстары оның артында екі баласы қалғанын айтады.

Олардың сөзінше, әйел риелторлық қызметпен айналысқан және жағдайы жақсы болған.

«Ол жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істеді, жақсы табыс тапты, өз алдына дербес жан еді. Оны танитындардың бәрі үшін бұл үлкен шок болды», – деді таныстарының бірі.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 35 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстың себебі әзірге белгісіз. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу