Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыда концерт кезінде 35 бала жоғалған

Құқық
Қарағандыда концерт кезінде 35 бала жоғалған

Қарағанды облысының тұрғындары тамыздың соңғы жексенбісінде дәстүрлі кеншілер мерекесін атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, халық саны миллионға жақындаған кеншілер астанасында сенбінің кешінде Қазақстан және Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қаланың орталық алаңына бұл концерттік бағдарламаны тамашалауға 50 мыңға жуық көрермен жиналды.

Іс-шара кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға полиция департаментінің 500-ден астам жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері концерт кезінде ата-анасы және жақындарынан адасып қалған 35 баланы тауып, туысқандарына қайтарды.

Фото: instagram/policeofkaraganda

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу