freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыдағы су қоймасында екі үндістандық студент суға батып кетті

Оқиға
Қарағандыдағы су қоймасында екі үндістандық студент суға батып кетті
Фото: pixabay.com

Қарағанды қаласындағы Федоровское су қоймасында екі үндістандық студенттің суға батып кетуі қайғылы оқиғаға айналды. Оқиға 30 мамыр күні түстен кейін шомылуға тыйым салынған аумақта болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза тапқандар 21 және 22 жастағы азаматтар болған. Құтқарушылар олардың денелерін жағалаудан шамамен 15 метр қашықтықта және бес метр тереңдіктен тапқан.

ТЖД өкілдерінің айтуынша, қайғылы жағдай орын алған аумақ шомылуға арналмаған әрі демалушылар үшін қауіпті саналады. Бұл жерде су қоймасының түбі тегіс емес, ал тереңдігі кенет өзгеріп отырады.

– Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған орын шомылуға рұқсат етілмеген аумақ болып табылады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Құтқарушылар су айдындарының қауіпсіздігін сыртқы көрінісіне қарап бағалау мүмкін емес екенін ескертті. Сондықтан адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жерлерде арнайы тыйым салу белгілері орнатылған.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен өңір қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Мамандар белгіленбеген жерлерде шомылмауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және мас күйде суға түспеуге кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу