Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандылық фермер бір үйір жылқыны атып тастады деген күдікке ілінді

Оқиға
Қарағандылық фермер бір үйір жылқыны атып тастады деген күдікке ілінді

Қарағанды облысында фермер егіс алқабына кіріп кеткен жылқыларды атып тастады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Аikyn.kz, «Вечерняя Караганда» басылымына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.


Олардың мәліметінше, оқиға 28 қыркүйекте Заречное ауылы маңында болған.  17 жылқының 14-і алған жарақатынан сол жерде өлген. 

Куәгерлердің айтуынша, жергілікті фермердің бірі жайылымда жүрген жылқыларды көлікпен қуып, оларды қарумен атқылап жүріп, артынан ізін суытқан. Малынан айырылған ауыл тұрғындары енді істің «жабылып қалуынан» қорқады, өйткені күдікті – ауқатты адам, ірі жер иеленуші.

Өзгенің мүлкін әдейі жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Нұра ауданының 53 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Өзгенің мүлкі мен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын кез келген заңсыз әрекеттер қатаң түрде тоқтатылады», – деп хабарлады Полиция департаменті.

Фото: pixabay.com    


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу