Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қариялардың атына 7 млн теңге несие алған әйел сотталды

Құқық
Қариялардың атына 7 млн теңге несие алған әйел сотталды
pixabay.com

Ақмола облысы Сандықтау ауданында көрші қариялардың атына несие рәсімдеп жүрген әйел 2 жыл 4 айға сотталды, деп жазды Azattyq Rýhy.

Құқық қорғау органдары оның әрекетін «алаяқтық» деп бағалаған. Себебі, әйел зейнеткерлердің сеніміне кіріп, оларға әртүрлі, құжаттарын, жәрдемақыларын рәсімдеуге көмектесіп жүрген. Олардың жеке деректерін толық жинап алған соң, білдірмей несие рәсімдеп жүрген.

«Істі қарау қорытындысы бойынша кінәлі тұлға «Алаяқтық» бабымен  сотталды. Сот оны 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды Ақмола прокуратурасы.

Жалпы, әйел зейнеткерлерді алдап, 7 млн теңге несие алған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу