Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды.
Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 18-20 желтоқсанға жоспарланған Жапонияға ресми сапары қарсаңында осы елдің Қазақстандағы Елшісі Ясумаса Ииджима Kazinform агенттігіне эксклюзив сұхбат берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесу жоспарланған. «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысып, іскерлік орта өкілдерімен жүздеспек.