Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазақфильм» АҚ уақытша Айдар Омаров басқаратын болды

Мәдениет
«Қазақфильм» АҚ уақытша Айдар Омаров басқаратын болды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы президентінің уақытша міндетін атқарушы болып Айдар Омаров тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды. Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқарады, - деп жазды баспасөз қызметі бізге берген жауабында.

Айдар Омаров бұрын киностудияның міндетін атқарушы болған.

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды бірнеше күн бұрын киностудия президентінің лауазымын өз еркімен босатқан болатын.

Фото: tkt1957.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу