freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазақмыс» «Мектепке жол» акциясы аясында 2,5 мыңнан астам оқушыға қолдау көрсетті

Қоғам
«Қазақмыс» «Мектепке жол» акциясы аясында 2,5 мыңнан астам оқушыға қолдау көрсетті
Фото: https://t.me/kazakhmys_news

«Қазақмыс Корпорациясы» республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 2026–2027 оқу жылына 2 500-ден астам оқушыны мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылы Компания акцияны іске асыруға 66,5 млн теңге бөлді.

Қолдауға аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар ие болды.

Акция «Қазақмыс» қызмет ететін төрт өңірді қамтыды: Ұлытау, Қарағанды, Абай және Жамбыл облыстары. Қарағанды облысында 1 051 оқушыға, Ұлытау облысында 912 оқушыға қолдау көрсетілді. Жамбыл облысында 513 оқушыға, Абай облысында 42 оқушыға көмек берілді.

Әр оқушыға жаңа оқу жылына қажетті мектеп жиынтығы табысталды. Оның құрамына мектеп сөмкесі және негізгі оқу-жазу құралдары кірді.

«Қазақмыс» жыл сайын «Мектепке жол» акциясына қатысып, балалар мен отбасыларға қолдау көрсетіп келеді. Бұл — Компанияның өз қызметін жүзеге асыратын өңірлердегі әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Балаларға қолдау көрсету және отбасыларға көмек көрсету Компанияның әлеуметтік жауапкершілік саласындағы тұрақты бастамаларының қатарында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу