freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазақмысқа жұмысқа орналастырамын»: Ұлытау облысында алаяқтар ұсталды

Қоғам
«Қазақмысқа жұмысқа орналастырамын»: Ұлытау облысында алаяқтар ұсталды
Фото: wikipedia

Ұлытау облысында азаматтарды «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамын деп алдаған тұлғаларға қатысты 9 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның 6-ы сотқа жолданған.

Тергеу барысында күдіктілер азаматтардың сеніміне кіріп, алдын ала ақша алу арқылы жалпы сомасы 16 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденгені анықталды. Алаяқтар жұмысқа орналастыруға уәде бергенімен, өз міндеттемелерін орындамаған.

Ұлытау облысы Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кез келген ұйымға жұмысқа қабылдау тек ресми тәртіпте, кадр қызметтері арқылы жүзеге асырылады.

Полиция күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және жеке қаражатты бөгде тұлғаларға бермеуге кеңес береді. Алаяқтық белгілері анықталған жағдайда азаматтардан полиция органдарына жедел түрде хабарласу сұралады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу