Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

Экономика
Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС-нің бас директоры болып Ернат Бердіғұлов тағайындалды, - деп хабарлайды Malim.kz.


Еңбек жолын 2010 жылы «Семізбай-U» ЖШС-інде бастаған. 2011-2019 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-да жұмыс істеген.

2019-2021 жылдары халықаралық Whiteshield Partners консалтингтік компаниясында жоба жетекшісі қызметін атқарды.

2021-2022 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ-да стратегия, орнықты даму және цифрлық трансформация жөніндегі бірлескен басқарушы директор лауазымын атқарған.

2022 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі – стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеді.

«ҚазМұнайГаз» АҚ, «QazaqGaz» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ секілді ұлттық компаниялардың директорлар кеңесіне мүше болған.

Фото: forbes.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу