freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан азаматтарына 14 елге бармау қатаң ескертілді

Қоғам
Қазақстан азаматтарына 14 елге бармау қатаң ескертілді
Фото: pixabay

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдарды жария етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады:

  1. Бахрейн
  2. Мысыр
  3. Израиль
  4. Йемен
  5. Иордания
  6. Ирак
  7. Иран
  8. Қатар
  9. Сауд Арабиясы Корольдігі
  10. Кувейт
  11. Ливан
  12. БАӘ
  13. Оман
  14. Сирия

"Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға тағы да шақырамыз", - делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу