Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан Каспий теңізіне алып әскери кеме шығарады

Экономика
Қазақстан Каспий теңізіне алып әскери кеме шығарады

Орал қаласындағы “Зенит” зауыты 2026 жылы Каспий айдынына тұңғыш қазақстандық көпфункционалды кеме шығармақ. Бұл туралы  кәсіпорынның бас директоры Қадыржан Мұқанов Ақтаудағы Теңіз әскери күштерінің туы көтерілгеніне 28 жыл толуына арналған мерекелік жиын кезінде айтты.

“Бұл зауыт кейінгі 33 жылдың ішінде 34 кеме шығарды. Оның бәрін Каспий айдынында қызмет өтейтін теңіз шекарашылары, әскери теңіз күштері жұмысында қолданып жүр. Біз Қазақстан қарулы күштерінің, соның ішінде әскери теңіз күштерінің қызметіне қажет кеме шығарумен ғана айналысамыз. Яғни, экспортқа ештеңе өндірмейміз”, - дейді зауыт басшысы.

Кәсіпорын алдағы екі жылда кеменің жаңа түрін жасап шығармақшы.

“Әскери теңіз күштерінің жаңа жобасын іске асырмақшымыз. 700 тонналық көпфункциалы кеме құрастырып жатырмыз. 2026 жылы айдынға шығарамыз деген жоспар бар. Қазір Еуропаның, Оңтүстік Кореяның кемелері озық техонологиямен жабдықталған. Біз де өз кемелерімізді жасаған кезде сол тәжірибелерді басшылыққа алып отырамыз”, - деді Қ.Мұқанов.

Фото: kazinform.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу