freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді

Оқиға
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді
Google Maps скриншоты

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, 20 тамызда Астана уақытымен сағат 22:09-да магнитудасы 3,2 болатын жерасты дүмпулері тіркелді. Ошақ тереңдігі шамамен 20 шақырымды, энергетикалық класы - 8 болды. Жер сілкінісінің эпицентрдегі қарқындылығы шамамен 3 балл деп бағаланды.

Сейсмологтар Қырғызстан аумағында жер сілкінісі сезілмегенін хабарлады. Эпицентр екі елдің шекаралас аймағында орналасқан. Еске сала кетейік, 20 тамызға қараған түні қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісін тіркеген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу