freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан VI Азия жағажай ойындарында су добынан Таиландты жеңді

Спорт
Қазақстан VI Азия жағажай ойындарында су добынан Таиландты жеңді
Спортты дамыту дирекциясы

​Қытайдың Санья қаласында Азия жағажай ойындарында су добынан жарыс басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойында Таиланд командасын тізе бүктірді. Отандық спортшылар келесі ойынын ертең, 23 сәуірде Ганконг құрамасына қарсы өткізеді. ​Жағажайдағы су добының форматы классикалық түрінен ерекшеленеді: мұнда командалар сет бойынша ойнайды.

Негізгі уақыт сеттер бойынша 2-2 есебімен аяқталып, шешуші пенальти сериясында Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен басым түсті. ​

Команда құрамында Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова және Аида Алпысбай сынды отандастарымыз өнер көрсетіп жатыр.

​Турнир айналмалы жүйесі бойынша өтеді. Онда командалар үш ойыннан өткізеді, соның қорытындысынан кейін жүлдегерлер анықталады. ​

йта кетейік, бүгін ойындардың салтанатты ашылу рәсімі де өтеді. Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары - Мұрат Шәкенов (су добы) пен Диана Ержанова (акватлон).

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу