Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 15 наурызда сағат 07:00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңірінде 10 388 учаске дауыс беруді бастады, деп хабарлайды Malim.kz
Сонымен қатар аумақтық комиссиялардың шешіміне сәйкес 92 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталған.
Сайлаушылар тізіміне барлығы 12 461 796 азамат енгізілген. Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері негізінде дауыс беру құқығын беретін 17 514 есептен шығару куәлігін берген.
Жалпы республика бойынша 10 388 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдердегі өкілдіктері жанында 54 елде 71 учаске орналасқан.
Осылайша ел ішінде ғана емес, шет мемлекеттерде жүрген қазақстандықтарға да дауыс беру мүмкіндігі жасалған.