Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда 12 қаңтарда жел күшейіп, ауа райы бұзылады

Қоғам
Қазақстанда 12 қаңтарда жел күшейіп, ауа райы бұзылады
Фото: freepik.com

“Қазгидромет” 2026 жылдың 12 қаңтары бойынша Қазақстан аумағының жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

«Батыс циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және мұздақ (гололед) әкеледі», – делінген хабарламада.

Түнде Түркістан облысында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал күндіз шығыста – қатты қар күтіледі.

Сонымен қатар, республика бойынша тұман және желдің күшеюі болжануда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу