freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда ауа райы құбылады: Бір өңірде нөсер, бір өңірде +35 градус ыстық

Қоғам
Қазақстанда ауа райы құбылады: Бір өңірде нөсер, бір өңірде +35 градус ыстық
Фото: magnific.com

Қазақстанда 5 маусым күні ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал кей өңірлерде аптап ыстық сақталады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етуді жалғастырады. Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Елдің солтүстігінде қатты жауын-шашын түсіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Ал батыс пен шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Ауа температурасына келсек, Абай және Жетісу облыстарында күн қатты ысып, сынап бағаны +35 градусқа дейін көтеріледі.

Бұдан бөлек, бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Олардың қатарында Абай, Жетісу, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу