freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда бір тәулікте 13 орман өрті тіркелді

Экология
Қазақстанда бір тәулікте 13 орман өрті тіркелді
Фото: gov.kz

Өткен тәулікте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өрт ошақтарының басым бөлігі әуе арқылы патрульдеу және орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің көмегімен дер кезінде анықталған.

Салалық қызметтердің мәліметінше, екі өрт Шығыс Қазақстан облысында болған.

Сондай-ақ Қарағанды облысында, «Марқакөл» және «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорықтарында, «Баянауыл» ұлттық табиғи паркінде және «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының аумағында бір-бірден өрт тіркелген. Ал «Қарқаралы» ұлттық табиғи паркінде, «Ертіс орманы» және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарында екі өрттен болған.

Өрт туралы хабар түскен бойда оқиға орындарына орман шаруашылығы мекемелерінің күштері жедел жіберілді. Тілсіз отпен күреске су төгу құрылғысымен жабдықталған «Қазавиаорманқорғау» РМК-ның Ми-8 тікұшағы, авиациялық өрт сөндіру қызметі және мемлекеттік орман күзетінің бөлімшелері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта кейбір өңірлерде қалған өрт ошақтарын толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, аптап ыстық пен найзағайлы фронттардың өтуіне байланысты елімізде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып, орман қорын әуеден және жерден үздіксіз патрульдеуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу