freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда кептелісте өтетін уақыт мөлшері 10 жылда рекордтық көрсеткішке жетті

Қоғам
Қазақстанда кептелісте өтетін уақыт мөлшері 10 жылда рекордтық көрсеткішке жетті
Ашық дереккөзден

Қазақстанда жүргізушілердің кептелісте өткізетін уақыты соңғы 10 жылдағы ең жоғары деңгейге жеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Numbeo зерттеуінің нәтижесінде белгілі болып отыр. Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанның ірі қалаларында тұрғындар күн сайын жол кептелісінде 30 минуттан астам уақытын жоғалтатын көрінеді. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. 

Осы уақыт ішінде қазақстандықтар көлік тізгінінде бұрынғыдан орта есеппен 7 минутқа артық уақыт өткізетін болған. Ең төмен көрсеткіш 2017 жылы тіркелген. Ал алғашқы елеулі өсім 2021 жылы байқалып, кептелістегі уақыт бірден 5 минутқа артқан. Содан бері жолдағы жағдай нашарлай түскен.

Мамандар мұның басты себебі ретінде халық саны артқанына қарамастан, жол инфрақұрылымының айтарлықтай жаңартылмауын атап отыр.

Әлем бойынша ең көп кептеліс Нигерияда тіркелген. Бұл елде жүргізушілер жолда бір сағаттан астам уақытын жоғалтады. Оған жақын көрсеткіш Швейцария мен Грузияда байқалған. Ал ең еркін жолдар Нидерланд, Эстония және Исландия елдерінде тіркелген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу