freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда операциядан кейінгі жаңа туған нәрестелер өлімі үш есе азайды

Денсаулық
Қазақстанда операциядан кейінгі жаңа туған нәрестелер өлімі үш есе азайды
Фото: gov.kz

Бес жыл ішінде Қазақстанда ауыр туа біткен патологиялары бар жаңа туған нәрестелер арасындағы өлім көрсеткіші 22%-дан 6,9%-ға дейін төмендеді. Операциядан кейінгі өмір сүру деңгейі 84%-дан 93%-ға дейін артты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жыл сайын қазақстандық дәрігерлер 1 400-ге жуық жаңа туған нәрестеге ота жасайды. Қазіргі таңда күрделі хирургиялық араласулардан кейін нәрестелердің 90%-дан астамысәтті емделуде.

Соңғы бес жылда Қазақстанда ауыр туа біткен даму кемістіктері бар жаңа туған нәрестелер арасындағы өлім көрсеткіші үш еседен астам төмендеді. Операциядан кейінгі өмір сүру деңгейі 84%-дан 93%-ға дейін артты, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство бұл көрсеткіштерді неонаталдық хирургияның дамуымен, ерте диагностикамен және сәби дүниеге келгенге дейін медициналық топтың алдын ала дайындығымен байланыстырады. Мамандандырылған көмек еліміздің барлық өңірлеріндегі перинаталдық орталықтарда көрсетіледі.

Дәрігерлер бала туғанға дейін емдеуге дайындалады 

Туа біткен ақаулардың басым бөлігін жүктілік кезінде-ақ анықтауға болады. Негізгі тексерулердің бірі 18-20 апта мерзіміндежүргізіледі. Егер ұрықта ауыр патология анықталса, әйел мамандандырылған перинаталдық орталыққа жіберіледі. Онда дәрігерлер жүктілікті одан әрі жүргізу тактикасын, босандыру мерзімі мен әдісін айқындайды. Бала дүниеге келетін сәтке қарай орталықта неонатологтардан, хирургтардан және басқа да мамандардан құралған топ алдын ала дайын тұрады. Қажет болған жағдайда операция өмірдің алғашқы күндерінде жасалады.

«Қазіргі заманғы пренаталдық диагностика әдістері жүктілік кезінде, оның ішінде 18-20 апта мерзімінде туа біткен даму кемістіктерінің басым бөлігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дәрігерлерге сәби дүниеге келгенге дейін дайындық жүргізіп, қажет болған жағдайда өмірінің алғашқы күндерінде хирургиялық түзету жасауға жағдай жасайды», - делінген хабарламада.

Операциядан кейін нәресте туған жеріндегі медициналық ұйымда бейінді мамандардың бақылауында болады.

Кейбір балаларға ота жатыр ішінде жасалады 

Астана мен Алматыда ұрықтың кейбір патологияларын жатырішілік емдеу бойынша операциялар жүргізіледі. Феталдық хирургия емдеуді бала туғанға дейін бастауға және ауыр асқынулардың қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытқа дейін қазақстандық дәрігерлер 39 жатырішілік хирургиялық араласуды орындады.

«Мұндай операциялар ерте емдеу мүмкіндіктерін кеңейтіп, балалардың денсаулығына төнетін ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті министрліктегілер.

Жаңа туған нәрестелерге жасалатын операциялардың шамамен үштен бірі шағын тіліктер арқылы орындалады. Аз инвазивті әдістер араласудың жарақаттылығын азайтады және балалардың тезірек сауығуына көмектеседі.

2022 жылдан бастап дәрігерлер экстракорпоралдық мембраналық оксигенация процедурасынжүргізеді. ЭКМО ауыр тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде өкпенің жұмысын уақытша сүйемелдейді.

Мұндай әдіс туа біткен диафрагмалық жарығы бар кейбір нәрестелерге де тағайындалады.

2022 және 2024 жылдары қазақстандық мамандар сирек кездесетін бауыр ісігі бар жаңа туған нәрестелерге ота жасады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай араласулар бұрын Орталық Азияда жасалмаған. Балалардың барлығы сауығып, үйлеріне шығарылды.

Тексерулер жүктілікке дейін басталады 2025 жылдың тамыз айынан бастап елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы жұмыс істейді. Ол жүктілікке жоспарлы түрде дайындалып жүрген әйелдерге арналған. Қатысушыларға зерттеудің он түрі қолжетімді. Қазіргі таңда олармен әйелдердің 54%-ы қамтылған. 2024 жылдан бастап ұрықты қорғау орталықтарының жанында «Бір күндік клиникалар» жұмыс істейді. Онда болашақ аналар пренаталдық скринингтен өтіп, дәрігерлердің консультациясын алады.

«Клиникалардың жұмысы пренаталдық скринингпен қамтуды 10%-ға арттыруға, патологиялардың анықталуын 12%-ға көбейтуге және балалар мүгедектігінің деңгейін 8%-ға төмендетуге мүмкіндік берді», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомстводағылар өлім-жітімнің төмендеуі отбасын үздіксіз сүйемелдеудің арқасында мүмкін болды деп есептейді. Патология жүктілік кезінде анықталады, әйел бейінді орталыққа жіберіледі, ал дәрігерлер бала дүниеге келген бойда алатын емді алдын ала дайындайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу