freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда сайлау күні бюллетень суретін жариялауға тыйым салынады

Құқық
Қазақстанда сайлау күні бюллетень суретін жариялауға тыйым салынады
әлеуметтік желіден

Мәжіліс пен Сенат депутаттарынан құралған бірлескен комиссия сайлау туралы заңнамаға екінші оқылымда түзетулер енгізді, деп хабарлайды Malim.kz vlast.kz сайтына сілтеме жасап.  

Сенатор Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, құжатқа Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитетінің өкілеттігі мен қызметіне қатысты өзгерістер енгізілген. Осыған байланысты заң жобасының атауы «Сайлау және прокуратура туралы» болып өзгертілді.

Мәжілістің баспасөз қызметі заң жобасына дауыс беру күні бюллетеньді фотоға немесе видеоға түсіруге және оны таратуға тыйым салатын норма енгізілгенін хабарлады. Себебі бұл әрекет сайлауалды үгіт-насихатқа теңестіріледі.

Бекназаровтың сөзінше, «Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілген бірқатар өзгеріс бір палаталы парламент — Құрылтайдың құрылуына және депутаттарды пропорционалды жүйе бойынша сайлауға байланысты заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктері нақтыланды.

Сондай-ақ сайлау учаскелерін құру тәртібі мен сайлаушылар тізімімен танысу мәселелері толықтырылған.

«Президенттің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы жарлығына сәйкес, “Прокуратура туралы” конституциялық заңға Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитетінің қызметіне қатысты өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты заң жобасының атауы “Сайлау және прокуратура туралы” конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгертілді», — деді сенатор.

Бұдан бөлек, «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға Қазақстан Халық Кеңесінің жалпыхалықтық референдум өткізуге бастамашылық жасау құқығын іске асыру тетіктерін айқындайтын түзетулер енгізілді.

Мәжіліс жариялаған баспасөз хабарламасында сайлауалды үгіт-насихат мәселесіне де ерекше назар аударылғаны айтылған.

«Кандидат өз үгіт материалдарын жеке интернет-ресурсында және онлайн платформалардағы парақшаларында жариялай алады. Алайда кандидаттар мен саяси партияларға сайлау қорынан тыс қаржы тартуға тыйым салынады», — деп хабарлады Мәжіліс.

Сондай-ақ құжатта дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді фотоға және видеоға түсіріп, таратуға тыйым салу ұсынылған. Бұл әрекет сайлауалды үгіт-насихат ретінде бағаланады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу