freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда сотталғандардың қаншасы жұмыспен қамтылған

Қоғам
Қазақстанда сотталғандардың қаншасы жұмыспен қамтылған
Фото: ЖИ/BAQ.KZ

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті ресми сауалымызға жолдаған жауабында еліміздің абақтыларындағы сотталғандардың қаншасы жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

– Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бүгінгі таңда 30 мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың 2 мыңнан астамы – әйелдер, шамамен 70-і – кәмелетке толмағандар, – делінген жауапта.

Сонымен қатар, ведомство әр адамның еңбек етуге, қызмет түрі мен кәсібін еркін таңдауға құқығы бар екенін атап өтті.

– Сотталғандарды жұмысқа орналастыру сотталған адамның ресми өтініш беруі негізінде еңбек шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта шамамен 21 мың адам ресми түрде жұмысқа орналасқан, бұл көрсеткіш жалпы сотталғандар санының 65%-ынан асады, – делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу