freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек беру тәртібі өзгереді

Денсаулық
Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек беру тәртібі өзгереді
Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов 2027 жылға қарай Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек беру тәсілі қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистер «СК-Фармацияның» шығындарының тиімділігі пациенттерді емдеу сапасы тұрғысынан талданды ма және егер дәрі сатып алу кезінде тек препараттың бағасы мен өндірушісіне емес, ең алдымен пациенттердің қажеттілігіне басымдық берілсе, шығындарды қаншалықты қысқартуға болар еді деген сұрақ қойды.

«Қазақстанда 3,4 миллион адам тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл көрсеткіш бойынша көптеген елдерден алдамыз деп ойлаймын. Бірақ мәселе — барлық пациент бұл препараттарды толық пайдаланбайды. Сондықтан биылдан бастап біз жекелендірілген өтінімдер жүйесіне көшеміз. Яғни пациенттерге емдеуші дәрігер нақты тағайындаған дәрілер ғана беріледі. Қазір осы мақсатта “СК-Фармация”, медициналық ұйымдар мен дәрігерлердің қатысуымен цифрлық платформа мен мониторинг жүйесін енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, мұндай жүйеге көшу осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал 2027 жылдан бастап пациенттер дәрігер тағайындаған қажетті препараттарды ала алады.

Вице-министрдің сөзінше, жаңа тәсіл пациенттерге кері әсер етпейді. Яғни дәрігер жазып бергеннен кейін дәріні сатып алу рәсімдері мен жеткізуге байланысты бір апта немесе бір ай күту қажеттілігі болмайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу