Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандағы алғашқы крематорий: 1,5 млрд теңгеге салынған нысан пайдалануға неге берілмей жатыр?

Қоғам
Қазақстандағы алғашқы крематорий: 1,5 млрд теңгеге салынған нысан пайдалануға неге берілмей жатыр?

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Алматыда салынған Қазақстандағы алғашқы крематорийдің қазіргі жай-күйін көрсетті. Депутат аталған нысанға қатысты видеоны әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Крематорий 2021 жылы салынған. Жобаның құны – 1,5 миллиард теңге. Қазіргі таңда нысанға қажетті барлық коммуникация тартылған. Алайда, түрлі себептерге байланысты крематорий әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген.

"Қазір негізгі мәселе – бұл нысанның кімнің балансына өтетінін анықтау", – дейді депутат.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі бұл нысанға қызығушылық танытып отырған жоқ. Қазір жерлеу қызметін көрсететін Бюромен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сергей Пономаревтың айтуынша, Алматыда 70 зират бар, оның 61-і жабылған. Жаңа зиратты қаладан 20–30 шақырым жерге көшіру туралы мәселе қозғалған. Мұндай жағдайда крематорийдің қажеттілігі артып отыр, дейді ол.

"Келесі қадам – заңнамада крематорийдің нақты орны мен мәртебесін айқындау және оны кім басқаратынын бекіту", – деді мәжілісмен.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу