freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандағы ең бай әйелдердің тізімі жарияланды

Қоғам
Қазақстандағы ең бай әйелдердің тізімі жарияланды
коллаж kursiv.media

Women Forbes Kazakhstan журналы Қазақстанның ең бай 25 әйелінің алғашқы рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тізімге енген әйелдердің жалпы капиталы 8,1 млрд доллар деп бағаланған. Басылымның мәліметінше, бұл рейтингтің құрылымы Forbes Kazakhstan рейтинг тізімінен ерекшеленеді, өйткені ол тек жеке кәсіпкерлерді емес, ірі бизнес-топтармен байланысы бар актив иелерін де қамтиды.

Басылым бағалауынша, тізімдегі әйелдердің байлығының 85-90%-ы отбасылық немесе серіктестік активтермен (мұрагерлік, неке немесе ірі бизнес-топтардағы үлес) байланысты. Сонымен қатар, әйелдер тек үлес иелері ғана емес, бизнесті белсенді басқарушы ретінде де көрініп, жаңа бағыттарды дамытып келеді.

Forbes.kz нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай әйелдерінің тізіміне келесі тұлғалар енді:

1.            Динара Құлыбаева – 5,4 млрд доллар (Halyk Bank активтері мен жылжымайтын мүлік)

2.            Мұқадасхан Ибрагимова – 650 млн доллар (ERG акционері)

3.            Дариға Назарбаева – 550 млн доллар (медиа активтер)

4.            Анжела Сәрсенова – 249 млн доллар (Helios АЗС желісі)

5.            Айжан Есім – 207 млн доллар (өнеркәсіп және инвестициялар)

6.            Айдан Сүлейменова – 175 млн доллар (Keruen, Viled тобы)

7.            Қаншайым және Жанна Сейтжанова – 84 млн доллар (мұнай және құрылыс)

8.            Алена Сүлейменова – 73 млн доллар (luxury retail)

9.            Гаухар Қаппарова – 65 млн доллар (мұнай және білім)

10.          Гүлнар Досаева – 61 млн доллар (мұнай және ритейл)

11.          Раушан Сағдиева – 57 млн доллар (жылжымайтын мүлік)

12.          Ирина Козлова және Александра Соколова – 52 млн доллар (қаржы секторы)

13.          Любовь Дружинина – 50 млн доллар (тамақ өнеркәсібі)

14.          Сәуле Сейсембаева – 48 млн доллар (агробизнес)

15.          Элеонора Баталова – 44 млн доллар (баспа ісі)

16.          Карина Сәрсенова – 42 млн доллар (медиа және құрылыс)

17.          Әлия Маханова – 39 млн доллар (қаржы)

18.          Наталья Акентьева – 36 млн доллар (банк секторы)

19.          Сәуле Зейнолла – 35 млн доллар (өнеркәсіптік дистрибуция)

20.          Амина Қасымова – 34 млн доллар (сақтандыру)

21.          Сандуғаш Кемелбаева – 34 млн доллар (жылжымайтын мүлік)

22.          Галина Зкрияева – 33 млн доллар (ритейл және мейрамхана)

23.          Амина Ажмағанбетова – 31 млн доллар (өнеркәсіп)

24.          Гаухар Абықаева – 30 млн доллар (зергерлік ритейл)

25.          Жанна Кан – 28 млн доллар (сән және зергерлік бизнес)

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу