freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандағы ең танымал “жеңгетай“ Айка жазасын қайта өтей ме?

Құқық
Қазақстандағы ең танымал “жеңгетай“ Айка жазасын қайта өтей ме?
Видеодан кадр

Бірнеше ай бұрын "Элиталық эскорт" желісі бойынша айыпталған блогер Айка колониядан босап шыққан еді. Сот оған кішкентай баласының болуына байланысты жазаны өтеуді екі жылға кейінге шегерген. Бұл туралы Malim.kz Tengrinews.kz пен ІІМ-не сілтеме жасап хабарлайды

Бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Tengrinews.kz редакциясына Айканың тосыннан бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, кейінге шегеру мерзімі аяқталған соң "жаза жалғасады".

"Ол тағайындалған 6,5 жылдық жазаның тек бір жылын өтеді. Біз пробациялық бақылау орнаттық. Сот белгілеген кейінге шегеру мерзімі аяқталғаннан кейін (екі жыл – еск.) жаза өтеу жалғасады", – деген еді министр.

Алайда редакцияның ресми сауалына берген жауабында ІІМ бұл мәселеде бірқатар жайтты нақтылады.

"Кейінге шегеру мерзімі аяқталғаннан кейін жазаның түрін өзгерту сот органдарының құзыретіне жатады. Осы мерзім аяқталған соң сот оның мінез-құлқы мен белгіленген талаптарды сақтауын ескере отырып, үкімді әрі қарай орындау туралы шешім қабылдайды", – деп хабарлады ІІМ.

Қазір әйел пробациялық бақылауда.

Еске салайық, 2024 жылғы 21 мамырда Алматының Әуезов аудандық соты блогерді жеңгетайлықпен айналысқаны және аса ірі мөлшерде психотроп затты заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша кінәлі деп таныды. Сот оны 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Оның сыбайласына 3 жыл 8 ай мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу