freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық әуе компаниялары Дубайға рейстерді 30 қыркүйекке дейін тоқтатты

Қоғам
Қазақстандық әуе компаниялары Дубайға рейстерді 30 қыркүйекке дейін тоқтатты
Фото: pixabay

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты қазақстандық әуе компаниялары Дубайға рейстерді тоқтатуды ұзартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға қатынайтын рейстерді 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін орындамайды. Әуе компаниясы қазан айындағы рейстер кестесін де қайта қарап, ұшу жиілігін бастапқы жоспарға қарағанда қысқартты.

Күші жойылған рейстердің жолаушыларына билетті 20 қарашаға дейінгі басқа күнге сол брондау класында бос орын болған жағдайда тегін ауыстыру ұсынылады. Сондай-ақ жолаушылар билеттің толық құнын айыппұлсыз қайтара алады немесе оны әуе компаниясының басқа халықаралық бағытына ауыстыра алады. Жаңа билет қымбат болған жағдайда, баға айырмасын төлеу қажет.

Ал FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстерді 30 қыркүйекті қоса алғанға дейін тоқтатуды ұзартты. Бұған дейін бұл бағыттағы ұшулар 15 қыркүйектен кейін қайта басталады деп жоспарланған болатын.

FlyArystan жолаушыларына рейсті кейінгі күнге тегін қайта брондау немесе билеттің толық құнын айыппұлсыз қайтару мүмкіндігі берілді. Қазіргі таңда Ақтаудан Дубайға билеттер 3 қазаннан бастап қысқы кесте аясында қолжетімді.

Сонымен қатар әуе компаниясы рейстердің қайта басталу мерзімі өңірдегі жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу