Алматыдан 280 шақырым солтүстік-шығыс бағытта жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
2025 жылғы 20 сәуірде Астана уақыты бойынша 05:28-де ҚР ТЖМ "Ұлттық ғылыми сейсмологиялық зерттеулер орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің координаттары - 44.77 с.е., 79.65 ш.б. Зілзаланың ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан 280 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан", – делінген хабарламада.
Зілзала Қазақстан аумағында сезілмеген.
Фото: Pixabay.com