freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қоғам
Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі
Фото: freepik.com

Қазгидромет мәліметінше, 23 наурызға қараған дүйсенбі күні елдің көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжауынша, бірқатар өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді, ал оңтүстік және таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Астана, Қарағанды, Павлодар және басқа да өңірлерде тұман болжанып отыр. Ал Шымкент, Тараз маңында жаңбыр мен найзағай күшейуі мүмкін.

Таулы аймақтарда және оңтүстік өңірлерде нөсер жауын салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал. Сонымен қатар ауа температурасының көтерілуіне байланысты елдің шығыс және солтүстік бөліктерінде қардың қарқынды еруі күтіледі.

Синоптиктер су тасқыны қаупі бар екенін ескертіп, өзен-көл маңындағы тұрғындарға сақ болуға кеңес берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу